Байқауға Астана, Алматы, Павлодар, Жетісу, БҚО, ШҚО және Абай облысының аудандарынан дәстүрлі ән өнерінде бақ сынап жүрген таланттар қатысып жатыр. Қазылар алқасының төрағасы — Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев. Абай жұртының атын асқақтатып, Әміренің есімін әуелеткен ән байқауына іріктелген 38 әнші келгені белгілі болды. Ауқымды ұлттық өнер бәсекесінің қорытындысы ертең, 18 желтоқсан күні Абай театрында жарияланатын болады. «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» болып бас жүлдені еншілеген әншіге 1 000 000 теңге табыс етілетін болады.
Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматы маңында тағы жер сілкінді
Алматы • Кеше
Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді
Құтқарушы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше