Халық • 20 Желтоқсан, 2023

Атамекенге оралған қандастар

1023 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл қазан айында өткен отандастар форумына қатысу­шы­ларға арналған съезде Президент: «Біз шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға қашанда мән береміз. Олардың тарихи Отанына қоныс аударуына толық жағдай жасалған», деген еді. Қазақстанға кіндік қаны атажұрттан тыс жерде там­ға­ны­мен, Қазақстанға оралуды аңсап жүрген қан­дас­тар әлі де көп. Мәселен, Атырау облысына 1 жел­­­тоқсанға дейін шетелден 212 отбасы көшіп кел­ді. Қазақстанда тұрақты тұру мақсатымен орал­­­ған 272 этностық қазаққа қандас мәртебесі беріл­­ді.

Атамекенге оралған қандастар

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағ­дарламалар басқар­масы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйен­сек, атаме­кенге көшіп келген қандас­тар­­­­ды уақытша орна­лас­тыру орталығы ашыл­ған. Мұн­да қолдаудың барлық түрі көр­сетіледі.

Атамекенге оралысымен­ мұ­найлы өңірді таңдаған қан­дас­­тардың басым бөлігі – 171 отба­сындағы 218 қазақ бұрын Өзбек­с­танда тұрған. Ресей Феде­ра­циясынан 35 отбасы (44 адам), Қытай Халық Респуб­ли­ка­сынан бір отба­сы (бір адам), Түрік­менстаннан үш отбасы (жеті адам) және Моңғо­лиядан екі отбасы (екі адам) оралып отыр. Қандастардың арасынан 180 отбасы Атырау қаласына қоныс­тануға ниет білдіріпті. Ал Жылы­ой ауданына – 27, Мақатқа – 4, Ин­дер ауданына бір отбасы кө­шіп барған.

Өңірде атамекенді аңсап жет­кен қан­дас­тардың бас­па­на­мен қамтылуына да қолдау көр­сетіліп отыр. Қазір тұр­ғын үй кезегінде 43 қандас тір­кеуде тұр. Жұмыспен қам­ту орталықтарында 22 қандас жұ­мыссыз ретінде тір­келді. Тұрақ­ты­ жұмысқа бір қандас орналас­ты. Жұ­мыс­сыз­дар есебіне алын­ған төрт қандас «Бастау Бизнес» жоба­сымен арнайы оқыту курсы­нан өтіп, сертификат алған.

 

Атырау облысы