Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Онда Халықаралық валюта қоры fDi Markets тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) мониторингі деректері негізінде 50 ірі әлемдік бағыттағы шетелдік инвестициялардың траекториясы мен макроэкономикалық көрсеткіштері ескеріліп, бағаланды. Бүгінгі әлем пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерісін бастан өткеріп жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылы Азия елдері оң нәтиже көрсетті. Алғашқы ондықтағы алты позицияда Азия елдері тұр. Рейтингте бірінші орынды Камбоджа алады. Одан кейін Филиппин, төртінші орында – Ирак, алтыншы орында – Қазақстан, жетінші орында – Әзербайжан, оныншы орында Үндістан орналасқан. Топ-10 қатарына үш африкалық мемлекет енген. Олар Кения (үшінші орын), Намибия (бесінші орын), Марокко (сегізінші орын).
ХВҚ болжамы бойынша биыл ішкі жалпы өнім өсімі 6,1 пайызды құрайды (2023 жылғы 5,6 пайызбен салыстырғанда) және келер жылы Камбоджа Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикасы ең жедел дамыған елге айналады. Ал инфляция тура 2023 жылғыдай 2024 жылы да 3 пайыз деңгейінде сақталады. Құрылымдық және циклдік факторлар елдердің экономикалық көрсеткіштеріне әсер еткен.
FDI Standouts Watchlist-тің жыл сайынғы зерттеу дерегінше, шетелдік инвестиция саласындағы аутсайдер Камбоджа ең күшті инвестициялық деңгейін сақтайды. Бұл мемлекет Қытаймен, Оңтүстік Кореямен еркін сауда байланысы келісімін жасасқаннан кейін сауда қатынастарын нығайтты. Екі елмен келісім де 2022 жылы күшіне енген болатын.
Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістік елдер арасында тікелей шетелдік инвестиция тартудан көшбасшылық позицияда тұр. Орталық Азия елдері арасындағы үлесі – 61 пайыз. Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің ақпараты бойынша 2023 жылдың қаңтарынан бері жалпы инвестициялық құны 602 млрд теңге болатын 59 инвестициялық келісімшарт жасалған.