Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024

Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді

168 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген  Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі. 

Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді

Еркін қолжетімді теле-радио арналар тізбесін қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлік, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.

Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 30 қаңтарда сағат 16.00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 (Министрліктер үйі), 14-кіреберіс (745-кабинет) өтеді.   Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Елді мекендердің (аумағын) атауы көрсетілген радиотелевизиялық станциялар (бұдан әрі – РТС) туралы деректер қоса беріледі.

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары келесідей құжаттарды қамтуы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

1) теле-радио арнаның хабар тарату торын (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынады:

– теле-радио арнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-радио бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

– хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

– меншікті теле-радио бағдарламалардың, сатып алынатын теле, радиобағдарламалардың және ретрансляцияның арақатынасы;

– хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

– шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер ұсынады:

1) теле-радио бағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпарат;

2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескінінің сапасы жоғары теле-радио бағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелер;

4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-радио арнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпарат;

5) сигналды (теле-радио арнаны) ұлттық оператор желісіне алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

Заңды және қаржылық ұсыныстар

Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

– үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

– Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

– үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

– телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-радио арнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы 1 айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Конкурстық құжаттарды ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

  • конкурсқа қатысуға өтінім салынған, мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;
  • құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ұсынған конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін белгіленген мерзім өткенге дейін тіркеу журналына енгізеді.

Конкурстық құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (Министрліктер үйі), 14 кіреберіс, 972 кабинет, Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Өтінімдерді қабылдау оларға қоса берілген құжаттармен бірге ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен басталады және сенбі мен жексенбіден басқа күндері арасындағы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісті қоспағанда  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады және 29 қаңтарда сағат 12.00-де аяқталады.

Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс телефондары: 8 (7172) 74-13-12, 74-10-12, 74-02-64.