Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған «Hyundai Tucson» маркілі 22 автокөлік Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторларына, «Газель-Next» маркілі 10 көлік тергеу-қамауға алынған адамдарды тасымалдау үшін аудандық бөлімшелерге берілді.
Сондай-ақ 3 квадроцикл саяжай алаптары мен өзен жағалауларын бақылайтын патрульдік полицейлерге берілсе, «Беларусь» тракторы полиция бөлімдерінің шаруашылық қажеттіліктері үшін сатып алынды. Осылайша, жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасы полиция қызметкерлеріне жақсы көңіл күй сыйлады. Су жаңа автокөліктің қай-қайсысы да тәртіп сақшылары үшін қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. «Заманауи талаптарға жауап беретін автокөліктер қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарлама келіп түскен жедел қимылдауға мүмкіндік береді», деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.
Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының 12 ауданында ауылдық округтердің учаскелік инспекторлары қызметтік көліктермен қамтамасыз етілмеген.
Ақтөбе облысы