Университет • 17 Қаңтар, 2024

Аграрлық университеттер: нәтиже мен жоспар

192 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын лайықты интеграцияланған агротехнологиялық хаб ретінде қайта құруды тапсырды. Қазіргі уақытта Орталықтың құрылымын қайта ұйымдастыру бойынша еншілес ұйымдардың өкілдері ұсыныстар әзірлеп жатыр. Бірінші болып еліміздің үш аграрлық жоғары оқу орнының ректорлары тыңдалды. Олар – Оралдағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ және Алматыдағы ҚазҰАУ ректорлары.

Аграрлық университеттер: нәтиже мен жоспар

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті бүгінде өн­діріске ғылыми жетістіктерді енгізу бо­йынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр. ЖОО рек­торы Асқар Нәметовтің айтуынша, ғы­­лы­ми әзірлемелерді тәжірибеге енгізу үшін жағдай жасалған. Барлық ғылыми қыз­­мет бизнеспен ынтымақтастыққа бағытталған.

«Біз жануарларды генотиптеу бойынша қызмет көрсетеміз, 60 асыл тұқымды шаруашылықпен толық ғылыми жағынан көмектесуге шарттар жасастық, 6,5 мың­нан астам генотиптеу үлгілері жүргізілді. Шаруа қожалықтары базасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының 4 зауыттық желісі, Бішкөл құс фабрикасы базасында үйректердің 1 кросс және 2 зауыттық желісі құрылды, «Әлем» ШҚ-да Көшім жылқы тұқымының Жәнібек түрі құрылды. Жануарлардың жараларын емдеуге және жұқпалы ауруларға қарсы фитокомпоненттерге негізделген екі антисептикалық препарат жасалды», деді Асқар Нәметов.

БҚАТУ ғылыми жаңалық­тарының қатарында шаруашы­лықтарда еріген қар суы және жаңбыр сула­рын сақтау үшін модульдік контурлар жасау бар. Бұл қондырғылар 7 ай ішін­де 100 бас жануарларды сумен қамтама­сыз етуге мүмкіндік береді. Сақтау сыйым­дылығын сол бағамен тағы 50 басқа арттыру мүмкіндігі бар.

БҚАТУ ғалымдары өндіріс нарығында сұранысқа ие емес, шамамен 75%-ын өртеп құтылатын қой жүнін пайдалану туралы шешім тапты. Технология жылыжайларда гидропоникалық жүйеде пай­далану үшін жүнді төртбұрыш тө­сеніштер ретінде қайта өңдеуге мүм­кіндік береді. Өнімдер әдеттегі базальт төсеніштерден екі есе арзан. Технология зерттеудің соңғы кезеңінен өтіп жатыр.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­тех­никалық зерттеу университеті ғылы­ми әзірлемелері негізінде ЖОО-ның қаты­суы­мен 5 инновациялық компания құрды.

«Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нә­ти­желері бойынша өндірісте жалпы со­ма­сы 2,9 млрд теңгеге 6 ғылыми жоба қол­­­да­нылды. Сондай-ақ университет 2023-2025 жыл­дарға арналған бағдарламалық-ны­са­налы қаржыландыру конкурсында 4 млрд теңге сомасына органикалық өнді­рістің жаңа технологияларын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу тақырыбындағы мегажобаны жеңіп алды»,  деді ҚАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов.

Сонымен қатар ЖОО-да рейтингі жоғары ғылыми журналдардағы жарияланымдар динамикасы өсуде. Q1 рейтингі бойынша (беделді шетелдік журналдар кіретін ең жоғары квартиль) басылымдар саны 2022 жылы 50-ден 2023 жылы 72-ге дейін, Q2 бойынша 2022 жылы 43-тен 2023 жылы 66-ға дейін өсті.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу уни­вер­ситетінде аграрлық менедж­мент бойынша Вайенштефан-Триздорф уни­верситетімен (Германия), IT-техно­логия­ларды пайдалана отырып, су ре­сурс­тарын басқару бойынша Вар­шава жаратылыстану ғылымдары универ­ситетімен, Малайзиядағы Паханг универ­си­тетімен биотехнология бойынша, Шығыс Финляндия жоғары оқу орнымен азық-түлік қауіпсіздігі бойынша қос дип­ломдық бағдарламалар жұмыс істейді.

Серік Жұманғарин жоғары оқу орындары қызметінің тиімділігін арттыру және аграрлық сала үшін кадрлар даярлау жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырды.