Медицина • 27 Қаңтар, 2024

Елордада медициналық мекемелер 75 кәсіпкердің құқын бұзған - прокуратура

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлер құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелер 75 кәсіпкерге кепіл қаржыны қайтармағаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Елордада медициналық мекемелер 75 кәсіпкердің құқын бұзған - прокуратура

Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Құзырлы мекеме медициналық мекемелердің 75 кәсіпкерге 2,3 млн теңгеден астам берешегін анықтаған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады. Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісімшарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.