Алматы • 28 Қаңтар, 2024

Алматыдағы Ататүрік ескерткіші

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Тас тұғырға қонған еңселі ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверіне» орнатты.

Алматыдағы Ататүрік ескерткіші

ФОТО: ortcom.kz

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мә­дениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақ­стандағы елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Ха­лықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұл­тан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ес­керткіш орнату туралы тапсырманы Түр­кия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның елімізге сапары кезінде бергенін атап өтті.

«Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі – біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақ­саты бір ба­уырлас мемлекет. Мемлекет басшы­ла­рының ар­қасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып ке­леді. Әсіресе бауырлас екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың алтын көпірі болған мә­дени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия та­рихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мем­лекетінің негізін қалаушыға ерекше мән бе­ріледі. Ол жүзеге асырған мә­дени, саяси, эко­номикалық, әлеуметтік реформа­лары­мен заманауи қоғамның құрылуына баға жет­пес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жал­ғасып келеді», деген Аида Балаева ескерткіш Түр­кияның тарихи мұрасын құрмет­теуді ғана емес, екі елдің достығы мен ынты­мақтастығын да бейнелейтінін атап өтті.

Биіктігі 3 метрден тұратын қола ес­керт­­кіштің тұғыры граниттен жасалған. Ес­керткіштің авторлары мүсіншілер – Айдос Бүр­кітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

 

АЛМАТЫ