Президент • 06 Ақпан, 2024

Президент Үкімет құрамына кімдердің тағайындалатынын айтты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына жаңа тұлғалар тағайындалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент Үкімет құрамына кімдердің тағайындалатынын айтты

Фото: ortcom.kz

Президент жаңадан тағайындалған Үкімет құрамының алдында шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бар екенін ескертіп онда жаңа тұлғалар тағайындалатынын айтты.

«Біздің алдымызда шын мәнінде ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұр, егер экономикамызды, алдағы жылдардағы экономика деңгейімізді ұлғайтқымыз келсе, бізге жаңа ұстанымдар, жаңа көзқарас қажет болса, оларды іске асыруға жедел кірісу қажет. Сондықтан құрамы өзгеріп, жаңа тұлғалар тағайындалады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.