Пікір • 14 Ақпан, 2024

Өнімсіз өркендеу болмайды

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент саяси реформалармен қатар, экономиканың барлық саласын дамытуға күрт бетбұрыс жасау туралы талап қойды, міндет жүктелді.

Өнімсіз өркендеу болмайды

Салық және бюджет кодекстерін жетілдіру, әсіресе, мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік әріптестік туралы заңнамаларға жа­ңа­­ша сипат беру керектігін тапсырды.

Бізге Премьер-министр Олжас Бектеновтің іле-шала Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде Үкімет мүшелеріне нақты мерзімі көр­сетілген тиісті тапсырмалар бер­гені ерекше ұнады. Айталық, өзі­нің бірінші орынбасары Р.Склярдан мұнай-газ, көмір, химия, металды терең өңдеу, машина жасау сынды салаларымен айналысатын алпауыттардан 4-5-сатылардағы өнім өн­ді­ру­ге байланысты жоспар, жобаларын жасауды талап етті. Сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу тура­лы да айтылды. Ұлан-ғайыр дала­мыз, қазба байлығымыз, егін, мал шаруашылығымыз бола тұра соны ұқ­сата алмай отырғанымыз биік мін­­бер­ден ашық айтылды және сол кем­­­шілікті жою жөнінде бағыт бел­гі­ленгені байқалды. Өнім өндірмей өркен­деу болмайтыны биліктің ең жо­ғары деңгейінде мойындалды деп санаймын.

Жаңа өнімдер шығаруға ғылыми да, өндірістік те қуатымыз жеткілікті. Көзделген мақсат жүзеге асырылатын болса, қосымша жұмыс орындарын ашып, қазынаны толықтыра түсетіні айтпаса да түсінікті. Бұл сайып келгенде еліміздің экономикасын көтереді, халықтың әл-ауқатын арттырады.

Президент Үкіметтің жаңа басшысы туралы өте жоғары пікір білдірді. Олжас Абайұлының сөзі нық, бағыты айқын екенін де байқап қалдық. Әрі жас, әрі білімді, әрі батыл, ең бастысы, сөзге ілікпеген азамат.

Президенттің Үкіметтің кеңейтіл­ген отырысындағы тапсырмала­ры, жаңа Премьердің алғашқы қадамдары кейінгі күндері көпшіліктің ара­сын­дағы негізгі әңгіме арқауына ай­налғанына куә болып жүрміз. Ха­лық­тың үміті мол, сенімі зор. Сол үміт ақталсын.

 

Төлеген БҮКІРОВ,

Қазақстанның құрметті металлургі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы