Алматы • 22 Ақпан, 2024

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінде екі бірдей жаңа басқарма құрылады. Аталған бастама азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жайлы қалалық ортаны сапалы дамыту саласында тиімді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады

Қалалық мәслихат кезектен тыс XIV сессия барысында сейс­микалық қауіпсіздік және жұ­мыл­дыру дайындығы басқар­ма­сын, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құруды бекітті.

 Бірінші басқарманың негізгі міндеті – сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қам­тамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар ке­зінде қалай әрекет етудің базалық дағ­дыларын үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ ТЖ департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.

«Аталған басқарманың жұ­мысы сейсмоаудит жүргізуге, та­биғи және техногендік сипаттағы төтен­ше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бір­ыңғай жүйесін әзірлеуге, сон­дай-ақ азаматтық қорғану, жұмыл­дыру дайындығы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Алматы қаласы әкімі аппа­ра­тының басшысы Бейбіт Шаха­нов депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, сейс­ми­калық қауіпсіздік және жұ­мыл­дыру да­йындығы бас­қармасы іс-ша­ра­лардың алдын алу және жүзеге асыру мәсе­лелерімен айналысатын бо­лады, соның бірі – сейс­мо­аудит жүргізу. Бейбіт Ша­­ха­нов осы жылдың со­ңына дейін аяқ­талатын сейсмо­аудит­тің нәти­желері бойынша Алма­ты қала­сында сейсмикалық қа­­уіп­сіздікті қамтамасыз ету жө­­нінде кешенді шаралар қа­былдау жос­парланып отыр­ғанын атап өтті.

«Алматы қаласын дамыту ба­ғ­дарламасының негізгі ба­ғыт­тарының бірі жайлы қала­лық ортаны қалыптастыру, қоғам­дық кеңістіктерді жаңғырту, салу және абаттандыру тұжырым­дамаларын әзірлеу бөлігінде қала басқармалары мен аудан әкім­діктерінің жұмысын үйлес­тіретін болады», деді Бейбіт Шаханов.

Жауаптылардың айтуынша, жаңа басқармаларды құру штат санын көбейтуді көзде­мейді, өйткені олар аудан­дық әкімдіктердің басқа басқар­малары мен аппараттарын оң­тай­ландыру есебінен құрылады және қосымша бюджет қаржысы бөлінбейді.

 

АЛМАТЫ