Қоғам • 22 Ақпан, 2024

«Қайғырып, жылап отыр»: Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындаудан бас тартты, ал оның адвокаты Назкен Құсайынова жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайғырып, жылап отыр»: Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

Коллаж: minber.kz

Elmedia Youtube арнасына сұхбат берген Назкен Құсайынова Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмағанын айтты.

«Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамай отыр. Ол әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр, себебі Салтанатты жақсы көреді. Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Бас сүйегі де сау болды, ол миына қан құйылғаннан қайтыс болған», деді адвокат.

Назкен Құсайынованың айтуынша, Салтанат Нүкенованың созылмалы субдуральды гематомасы болған.

«Біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома бар болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Бірақ төбелес болмаған. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр», деді Бишімбаевтың қорғаушысы.