Үкімет • 04 Наурыз, 2024

Бюро отырысы өтті

127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысы өтті

Депутаттарға кредит беру кезінде тәуе­кел­дерді барынша азайту және қарыз алу­­шылардың құқықтарын қорғау мә­селе­лері бойынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы заң жобасын бірін­ші оқы­лым­да қарау ұсынылады. Құжат­ты Пар­ла­мент депутаттары Мемле­кет бас­­шы­­сының «Әділетті Қазақстанның эко­но­­ми­калық бағдары» атты Қазақстан хал­қы­­на Жол­дауын іске асыру мақсатында әзірлеген.

Ұсынылып отырған нормалар азамат­тар­дың шамадан тыс несиесін төмен­детуге, қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға, азаматтардың банк­роттық рәсімге қол жеткізуін жеңіл­детуге, сондай-ақ кредит беру кезін­де алаяқтық әрекеттерді азайтуға бағыт­талған. Атап айтқанда, кредиттер бойын­ша 90 күннен артық мерзімі өткен жағдай­да азаматтарға жаңа тұтынушылық не­сие беруге тыйым салу ұсынылады. Бұ­дан басқа кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымын­да жалғыз тұрғын үйінен шығаруға тыйым салатын норма, сондай-ақ қарыз алу­шы­ның банк шотында кредиттер бойынша бере­шекті өндіріп алу үдерісіне кемінде 2 күн­көріс мөлшерінде ақшаның сақталуын қам­тамасыз ететін түзетулер көзделген.

Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулермен талқылайды. Олар ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған және ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жақсартуға, ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі­не (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы бірінші оқылымда қара­лады. Бұл заң жобасына Парламент депутаттары бастамашылық етті. Ол салықтық преференциялар беру арқылы ғылымның дамуын ынталандыруға бағытталған.