Өнер • 05 Наурыз, 2024

Димаш ғаламы

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш – өнер, Димаш – аңыз. Дара талант сәу­­лесі әлемнің әр тү­кпіріне же­тіп, ұлт ме­рейін үс­тем етіп ке­леді.

Димаш ғаламы

28 ақпан күні Латын Америкасында «Andromeda» радиостансасының «Димаш ғаламы» бағдарламасында Димаштың «When I’ve Got You» атты жаңа әні алғаш рет тыңдарманға жол тартты. Тыңдаушылар шығарманы ерекше ұнатып, радиожүргізушілерден жаңа туындыны қайта қоюды өтінген.

Universo Dimash («Димаш ғаламы») бағдарламасы алғаш рет тура бір жыл бұрын, яғни 2023 жылдың 1 наурызында елімізде Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді. Димаш әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Бұл қордалы еңбекті жүзеге асырып, ұйымдастырған – әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы. Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны соншалық, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақ әншісінің шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарған. «Димаш ғаламы» атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көріп, тыңдарманның көзайымына айналып келеді.