Білім • 13 Наурыз, 2024

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Қаулы жобасында шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады

Фото: Ашық дереккөзден

Қаулыда 100 пайыздық грантпен оқымайтын студенттерге де шәкіртақы төлеу ұсынылып отыр.

Шәкіртақы көлемі 2024 жылдың қыркүйегінде: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
  • интерндер – 85 376 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

Шәкіртақы көлемі 2025 жылдың қыркүйегінде: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге;
  • интерндер – 94 863 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге;
  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге;
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.

Қаулы 2024 жылдың қыркүйек айында күшіне енеді.