Қоғам • 17 Наурыз, 2024

Абайтану арнасы

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Назарбаев университетінде абайтанушы Сұлтан Ыбырайдың қатысуымен «Жарым адамнан – Толық адамға» атты семинар-тре­нинг өтті. Тағылымды іс-шараның тізгінін осы оқу орнының ұлт­тық мәдени орталығы директоры, профессор Гүлтас Құрманбай ұстады.

Абайтану арнасы

Фото: nu.edu.kz

Жиында Абайдың Отыз сегізін­ші қарасөзі талданып, хакімнің «То­лық адам» тұжырымдамасы бойын­ша сұхбат өрбіді. Г.Құрманбай тех­никалық мамандық бойынша білім алып жатқан студенттердің ұлы ойшыл мұрасына жаңа көз­қараспен қарау керектігін айтып, осы жолдағы С.Ыбырай еңбегіне үлкен баға берді.

– Отыз сегізінші қарасөз – Абай даналығының биік шыңы. Басқа ғылым саласында жүріп, Абай әлеміне келу, оның ең күрделі қарасөзін түсіну – үлкен жеңіс. Бұл кісілердің қабылдауы, көруі гуманитар ғалымдардан гөрі ерекше. Сондықтан Сұлтан Ыбырай ақынның әлеміне әрі қарай сүңгіп, техникалық ғылыммен және Құранмен байланысын тереңдетіп зерттеп жүр, – деді Г.Құрманбай.

Кеш қонағы әрбір қазаққа Абай болу парыз емес, бірақ данышпан сусындаған рухани бастаулар қазақтың ел болып қалыптасуының негізгі алғышарты екенін айтты.

– Бірінші – ұлттық бастау, екінші – ислам, үшінші – Батыстың ғылымы мен технологиясы. Бұл исламдағы дін мен ғылым егіз деген сөзбен және Құрандағы Алланың «...Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық», – (49:13) деген аятын қуаттайды. Бір қызығы, кез келген мемлекет немесе адам осы сөзде Абай келтірген үш сипат әділет, ғылым, мейірімді басшылыққа алса, орасан табысқа жетеді. Бұл үшеуі – жеке тұлғаның ғана ұстанымы емес, жалпы ұлттық идея негізі, мемлекетімізді ұшпаққа шығаратын, мұратқа жеткізетін қағида, – дейді Сұлтан Ыбырай

Назарбаев университетте білім алып жатқан болашақ инженер­лер, электриктер, роботтехниктер, гео­логтердің «Толық адам» болып қа­лып­та­су­ларына әдебиетші, философ әрі радиотехник ғалымның ин­но­­ва­циялық көзқарасы мен ғылы­ми тұжы­рымдары ерекше әсер қалдырды.

 

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті