Фото: pixabay.com
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңірінде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.