Үкімет • 10 Сәуір, 2024

Бекеттерді нығайту жұмыстарын тексерді

65 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді.

Бекеттерді нығайту жұмыстарын тексерді

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Теплич­ное және Кожевенная ауылдарын­дағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттер­ді нығайту және олардың ұзын­дығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қарғын суды өткізу үшін автожол­дарда жол төсемін аршу жұмыс­тары 6 рет жүргізілді. Бала­малы бағыт қарастырылып, белгі­лер қойылып, кезекшілік ұйым­дас­тырылған. Су тасқыны кезеңі бас­талғалы бері елді ме­кен­дерд­ің көшелері мен аула аумақ­­тарынан 440 мың м3 су со­рыл­­ды. 165 шақырымнан ас­там арық тазартылды, 2,7 ша­қы­­рым каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді.

Олжас Бектенов су тасқыны­нан зардап шеккендерді қолдау шара­лары мен жүргізіліп жат­қан жұмыстар туралы тұрғындар сұрақтарына жауап берді, ерікті­лер мен сарапшыларға көр­сеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Үкімет басшысы тартылған қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, бөгеттерді ны­ғайту жұмыстарының қарқы­нын жеделдету, оның ішінде биік­тігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз қажет. Ал­дағы 2-3 күнде ауыр зар­дап­тардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды», деп атап өтті О.Бектенов.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдік­тің, ПД, Ұлттық ұлан бөлімшесі­нің және жеке ұйымдардың 1 432 қызметкері, 1 200 ерікті қатысуда. Премьер-министрдің тапсырмасымен бүгін Қорғаныс министрлігінің 300 әскери қызметшісі келді. Осылайша барлығы 3000-нан астам адам жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан облы­сын­дағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.  Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да аталған аймақта жүр. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.