Туризм • 11 Сәуір, 2024

Туристерге жол сілтейді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың әуежайында туристерге үш тілде көмек көр­сетуге арналған ақпараттық дүңгіршек жұмыс істейді. Шетелдіктерге 2015 жылдан бас­тап қызмет көр­се­тетін дүңгіршек осы жылдың 18 қаң­тарынан бас­тап жаңартылып қайта ашылды.

Туристерге жол сілтейді

Аталған дүңгіршекте шетелден келген қонақтарға кө­рікті жерлер тізімі, экскур­сиялық маршруттар, көлік, бос уақытты қолайлы өткізу, шопинг, қала картасы және басқа да сұрақтар бойынша кеңес беріледі. Бұл ретте қыз­меттер тегін көрсетіледі.

– Дүңгіршек әуежайда тәу­лік бойы жұмыс істейді. Біз ту­ристердің тілектері мен мүм­кін­діктерін ескере отырып, қала­ның көрікті жерлер­і­, түрлі іс-шаралар, сау­да орталықтары, қала ма­ңындағы туристік орындар, қонақүйлерді брондау, сонымен қатар тамақтану орындары туралы ақпарат береміз. Сондай-ақ дүңгіршектен қала­ның картасы мен туристік гидті тегін алуға болады, – дейді «Астана даму ор­талығы» де­пар­таментінің директоры Ольга Абельдинова.

Елордаға алғаш келген ту­ристерге әуелі үш негізгі орын­ға бару ұсынылады: Бәйте­рек монументі, Ұлттық мұра­жай мен «Nur Alem» Болашақ энергиясы мұражайы. Тізім ал­дағы уақытта жаңа демалыс орындарымен то­лықтырылады. Ал қала тарихымен танысу үшін саяхатшылар ке­ңес­шілерінің ұсынысы бойынша Астана­ның оң жағалауына жібе­рі­ле­ді. Қазіргі уақытта қалада осындай екі дүңгіршек жұмыс істейді: әуежайдың 1-терминалында және «Бәйтерек» мо­нументінің жанында. Дүң­гіршектер ақпарат беріп қана қоймай, өтініштерге мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері дүңгіршек қыз­мет­керлері елорда қонақ­та­ры­ның 6 мыңнан аса өтінішін қабылдаған.

 

Еркеназ ҚОРДАБАЙ,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті