Әскер • 29 Сәуір, 2024

Шыңдауға шындап мән берсек...

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкім­дік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдерінің қаты­суы­­­мен республикалық ғылы­ми-әдіс­­темелік конференция өтті.

Шыңдауға шындап мән берсек...

Іс-шарада алғашқы әске­ри және технологиялық дайын­дықты ұйым­дастырушы оқытушы­лар­дың кәсіби құзыретін дамыту мәсе­лелері, сондай-ақ оқу үде­рісін­де «Гео­тактика» бағдар­ламалық өнімін пайдалану перспективалары талқыланды.

Отырыста Әскери-страте­гиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, запастағы полковник Ерлан Закиев және басқа да сарапшылар баян­дама жасады.

Іс-шараға қатысушылар үшін қару-жарақ пен киім-кешек көрмесі ұйымдастырылды. Қару­лы күштердің тарихы және Қазақ­станның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Ғылыми-әдістемелік конференция білім беру жүйесін дамытуға және оқытушылардың құзыреттерін кеңей­туге бағыттал­ған. Бүгінгі таңда әскер­ге шақы­рыл­ғанға дейінгі жас­тарды әскери қызметке даярлау сапасы және оқу орындарындағы әске­ри-патриоттық жұмыстың мазмұ­ны соларға тікелей байланысты.

 

АЛМАТЫ