Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
«Осы уақытқа дейін республика бойынша 43 015 адам өз үйіне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде қалды. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы 7 710 тұрғын үй мен 2 844 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды», деді Асқар Шәріп.
Асқар Шәріптің айтуынша, апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 14 мыңнан астам адам мен 1529 техника, 226 су сору техникасы, 100 су көлігі, 6 ұшақ жұмылдырылған.
«Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді. Алтай және Глубоковский аудандарына ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жіберілді. Аэровизуальды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Асқар Шәріп.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті