Қаржы • 02 Мамыр, 2024

«Ұлттық қор - балаларға». Halyk қосымшасы арқылы бағдарлама қаражатын қалай көбейтуге болады?

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан азаматты болып табылатын әр бала жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алады. 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған ақшаны баспана сатып алуға және оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық қор - балаларға». Halyk қосымшасы арқылы бағдарлама қаражатын қалай көбейтуге болады?

Фото: tengrinews.kz

Halyk мобильді қосымшасында ата-аналар кез келген уақытта баласының шотында қанша ақша жиналғанын өз бетінше тексере алады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, балаларыңыздың құжаттарын көруге болатын «Цифрлық құжаттарды» таңдауы қажет. Сондай-ақ қазіргі таңда Ұлттық қордан түскен қаражаттың мөлшерінде сол жерден көруге болады.

Халық банкі осы бағдарламаның уәкілетті операторы бола отырып, өз клиенттеріне қамқорлық жасап, Halyk мобильді қосымшасында Ұлттық қордан мақсатты жинақтарды алуға өтінім беру мүмкіндігін енгізді. Енді 18 жасқа толған бала төлемге өз бетінше өтініш беріп, оқу ақысын төлеу үшін қаражатты пайдалана алады. Неғұрлым тиімді жинақтау үшін Ұлттық қордан төлемдерді AQYL білім беру депозитіне аударуға болатынын айта кетейік.

«AQYL депозитінің негізгі мақсаты – бұл ұзақ мерзімді бағдарлама аясында мемлекет тарапынан балаларының болашақта елімізде немесе шетелде білім алуы үшін қаражат жинау мүмкіндігін беру. Бағдарлама аясында  мемлекет тарапынан берілетін сыйақы 7%-ға дейін, банктің сыйақысын ескере отырып, салымның қайтарымы шамамен 20%-ға жетуі мүмкін. Жинақталған қаражатты қажет жағдайда оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға болады», деді «Halyk» басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті