Басылым • 15 Мамыр, 2024

Қазақтың ата тегі туралы кітап қытай тілінде шықты

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің антрополог ғалымдары – ҰҒА академигі, Болония Ғылым акаде­мия­сы­ның коррес­­пон­дент-мүшесі Оразақ Смағұлов және М.Әуезов атындағы Оң­түс­тік Қазақстан уни­вер­ситеті археоло­гия және антро­поло­гия­лық зерттеулер ғылы­ми орталығы­ физи­ка­лық антропология зерт­ханасының аға ғылыми қыз­меткері Айнагүл Смағұлова Алматы­ның «Arna» баспасы­нан «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітап(2020) шығарған еді.

Қазақтың ата тегі туралы кітап қытай тілінде шықты

Жақында осы кітап қытай тіліне ауда­рылып, Сингапур қаласындағы «South Ocean Publishing House» баспасы­нан монография түрінде жарық көрді. Бұл – қазақ тарихында қытай тілінде шыққан алғашқы ғылыми антропологиялық кітап.

Сингапур баспасын қы­зықтырғаны – кітап ғылыми әдістемелер арқылы жа­зыл­ғаны өз алдына, ең бастысы қазақ­тардың физикалық антропологиясы бо­йынша алты бірдей саласы (соматология, одонтология, серология, дерматоглифика, краниология, дәм сезімі) бойынша зерттеудің ауылдан бастап, Алтайдан Маңғыс­тау­ға дейін қамтығандығы. Алын­ған қо­рытындылар Қазақстанның қола дәуірінің палеоантропологиялық материалдарымен байланыстырыл­ған. Өйткені мұндай кешенді зерттеулерді Еуразия аймағын­да ешкім жүргіз­бе­ген. Соның арқасында бүгінгі қа­зақтар­дың және ата-бабаларының 4-5 мың биологиялық тарихы толық салыстырылған. Қазақ жерінің көне замандағы тұрғындары­­ның бет-бейнесі бірегей протоеуропеоидтер екені аян болып отыр. Қазақтардың бұл ата-бабалары 3 мың жыл бойы ешкіммен араласпай, өздері ғана тұрған және этнотарихи мәдениет­тері қалыптасқан. Қазақ жеріне тек б.д.д. біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың екінші жартысында шығыс тайпалары аздап ене бастаған. Олардың бейне-жүзінің ерекшелік­тері жергі­лікті халықта 15% моңғолоид элементті құраған. Кейінгі дәуірлерде моңғол дәуі­­рін қосып алып қарағанда, жергі­лікті халықта азиаттық бет-бейнесі 70%-ға жеткен. Бүгінгі қа­зақ­тарда моңғолоид элементтері 70%-ды құрайды. Қалған 30% қазақтар­дың ата-бабаларының үле­сіне тиеді. Сөйтіп, бүгінгі қа­зақ­тар­дың бет-бейнесінде 4-5 мың жыл бұрын өмір сүр­ген ата-бабаларының фи­зика­лық ерек­шеліктері сақталып қал­ған. Бұл жайт қытайларды таңғалдырған көрінеді.

Барлық жүргізілген экспе­ди­ция­лық ғылыми жұмыстар­дың қорытындысына қарағанда, бүгінгі қазақтар аймақтарға, жүздерге бөлінбейді. Олар­дың Еуразия аймағында өзіндік антропологиялық жеке мәртебесі бар екенін дәлелдейді. Соның арқасында қазақтар өз жері мен елінде қалыптасқан бірегей ұлт болып саналады. Осының бар­­лы­ғы кестелермен, суреттермен, гра­фик­термен безендірілген, ғылы­ми дәлелденген. Келтіріл­ген анық­тама­лар қытайлық­тар­ды айрықша қызық­тырады. Сондықтан қазақ хал­қы­ның биологиялық тарихының антро­пологиялық анықтамалары басқа тілдерде де шығады деген үміт­теміз.

 

Клара Хафизова,

қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы