Музей • 15 Мамыр, 2024

Композитор мұрасы музейге тапсырылды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды. Оның отбасы белгілі композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонатты мемлекеттік сақтауға тапсырды.

Композитор мұрасы музейге тапсырылды

«Архив – бұл халықтың рухани бай­лығы мен мәдени мұрасын сақтайтын, болашақ ұрпаққа мирас ететін маңызды буын. Бүгін Алматы қаласының архиві Ескендір Хасанғалиевтің жеке қорынан алынған бағалы құжаттармен және заттармен толықтырылды. Біздің ортақ міндетіміз – туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілікті бейнелейтін композитордың шығармаларын сақтау және насихаттау, – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. Іс-шараға зия­лы қауым өкілдері, композитордың туыс­тары мен өнер­дегі серіктері қатысты. Жібекбау қию рәсімі әйгілі «Атамекен» әнінің сүйемелдеуімен өтті.

«Ескендір Өтегенұлының шығар­машылығы мен еңбегі халыққа тиесілі. Енді Қазақстан эстрада аңызының қолжазбалары, мемлекеттік наградалары, фотоальбомдары, сыйлықтары мен кітаптары осында сақталады, өскелең ұрпақ қажет болған жағдайда таныса алады. Отбасымыздың атынан музей бұрышын ашу жөніндегі осы игі бас­таманы қолдағаны үшін барлығына алғыс  білдіремін», – деді  Халық әртісінің жұбайы Дарико Хасанғалиева.

 

АЛМАТЫ