Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Тіршілігі қайнаған өңір

85 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағына барды. Мұнда еліміздің «BNK Group» БНК компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, 2023 жылы «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронталды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан еді.

Тіршілігі қайнаған өңір

Фото: primeminister.kz

Суды үнемдейтін жаңа технология

Өндірістік техника 3 мың шаршы метр аумаққа орналастырылған. Бұл – елімізде су үнемдеу техноло­гияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі және көп мил­лиардтық инвестициялық жоба. Алайда бүгінгі таңда компа­ния Қазақстан резиденті ретінде күшті са­лық жүктемесіне тап болып отыр. Кәсіп­орын директоры Ния­зали Бей­сенбаевтың айтуынша, нарық­та ұсы­нылған шетелдік ком­па­ния­­лар­дың бұл тұрғыда бір­­қатар артықшылығы бар. Мыса­лы, Қазақстан резиденті емес ком­пания­мен жасалатын келісімшарт­тардың көп­шілігі ҚҚС және басқа да мем­лекеттік баж салықтарынан босатылған.

«Қазақстанға өз өндірісіндегі жаңбырлатқыш машиналар қажет екені сөзсіз. Біз отандық өндірушіге басқа өңірлерде су үнемдеу технологияларын енгізу үшін техника сатып алу бөлігінде қолдау көрсетеміз. ҚҚС төлеуге келетін болсақ, Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне бұл мәселені тезірек шешу үшін барлық мүдделі мем­лек­еттік органмен кеңес өткізу­ді тап­сырамын», деп жауап берді кәсіп­орын директорына С.Жұманғарин.

Жалпы, тамшылатып суару және элиталық сұрыптардың тұқы­мын себу негізінде мақта-тоқы­ма кластерін құру мақта өсіруге арнал­ған аумақты қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде жаңбырлатқыш машиналар өндірісі экстенсивті егіншілікпен аумақты азайтуға және ылғал сүйгіш дақылдардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Екінші ірі өнеркәсіп нысаны – «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» ЖШС тартылған «Түркістан» ӘКК мен «Алтын дала мақта»  ЖШС бірлескен жобасы, кеңесші ретінде қытайлық мақта-тоқыма кластері. Жоғары сапалы шикізатты өсіруден бастап, жұқа матадан жасалған киімдер мен жоғары сапалы үй тоқыма бұйымдарын өңдеу мен өндіруге дейін өндірістің толық циклін құруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын облыста алғаш рет тамшылатып суару жүйелерін орнатып, 1 мың гектардан астам аумаққа мақтаның элиталық сұрыптарының тұқымын септі. Мұнда жергілікті тұрғындар арасынан 50-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Кезең-кезеңмен пластикалық құбырлар, тамшылатып суару жүйелері, мақта өңдеу бойынша екі зауыт, иіру, тоқу фабрикалары және кластер­дің басқа да жоспарланған объек­ті­лерін өндіретін зауытты пай­далануға бере отырып, кәсіп­орын 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, ал тұтынушыларды – жоға­ры сапалы маталармен және тоқы­ма өнімдерімен қамтамасыз етеді.

 

90%-дан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Түркістан облысындағы шегірткеге қарсы жап­пай өңдеу жұмыстары жүр­гізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді.

Түркістан облысы егістік алқап­тарының көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі  – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.

Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның  252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделді, бұл өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмысы аяқталады.

Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Олардың қата­рын­да Түркістан және басқа да облыс­тардың аудан-қалаларынан кел­ген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қарамайтын жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың га жерден, 107 мың га ауадан, 1 мың га рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың га дрондар арқылы өңделуде.

Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі қанатқақты жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы елімізде шегіртке­ге қарсы күрес қыз­меттерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарланып отыр.