Қоғам • 22 Мамыр, 2024

Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгеріс енгізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

Фото:El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Автобус және троллейбус жүргізушілерінің жасын 23 жасқа дейін қысқарту бойынша түзетулер енгізілгені белгілі болды. Бұл ретте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, ал D1 кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс.

Еске сала кетейік, енді заңның редакциясына сәйкес, қалалық автобустар мен троллейбустарды 25 жастан асқан азаматтар жүргізе алады. Бұл талап тәжірибесіз жүргізушілер мен  жол апаттарының санын азайту үшін қабылданды.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, 

ЕҰУ студенті