Таным • 24 Мамыр, 2024

Стендаль синдромы

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француз жазушысы Стендаль 1817 жылы Фло­­рен­цияға барғаннан кейін: «Мен Қасиетті Крест шір­кеуінен шыққан кезде жүрегім дүр­сілдеп, өмірдің жарығы таусы­лып, жерге құлап кетердей сезіндім», деп жазады.

Стендаль синдромы

Фото: dzen.ru

Қаламгерді ерекше толғандыратын өнер туындылары басқа адамдарға да осылай әсер етуі мүмкін, яғни жиі жүрек соғысы мен бас айналу.

Кейін ғылымда мұндай психо­соматикалық бұзылыс «Стендаль синдромы» деп аталып кетті. Мұ­нымен «ауырған» адам сурет кеңістігіне еніп кеткендей сол картинадан ерекше күш алады. «Стендаль синдромы» өнерден бөлек, тұмса табиғат, сұлулық әсерінен де пайда болады.

Сол үшін де музей аралағанда немесе киелі орындарға саяхат ке­зінде, ғажайып картиналар­дан әсер­ленгенде «Стендаль синдромынан» абай болыңыз...