Жәдігер • 27 Мамыр, 2024

Барысханнан табылған құмыра

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында көне заман­ның көзіндей болған құнды­лықтар жеткілікті. Мұнда археологиялық қазба жұмыс­тары кезінде және кездейсоқ та­былған жәдігерлер байыр­ғы тарихтан сыр шертіп тұр.

Барысханнан табылған құмыра

Мамандардың айтуынша, суреттегі құмыра XIII-XIV ғасырларға тиесілі екен. Көне Тараздың өркендеп, көркейе бастаған кезеңінде жасалған жәдігерлердің санатына кіреді. Көк түсті құмыраның жоғары жақ тұсына құстың бейнесі белгіленіпті.

«Музейге келушілер құмыра тұтқасының жоғары жағындағы жылтырақ материалмен әдіптелген құстың бейнесіне назар аударып жатады. Дерекке жүгінсек, бұл құмыра 1970 жылы төменгі Барысхан қалашығы маңынан кездейсоқ табылған.

Ортағасырлық жәдігер саналатын құмыра­лардың біразының тұтқасында құстың бейнесі бар екенін байқап жүрміз. Жалпы, ықылым заман­дардағы ыдыстарда қандай да бір жануардың бейнесі жиі кездеседі. Мамандардың айтуынша, шеберлер аң мен құстың мүсінін салу арқылы сол кездегі діни идеялардың көркемдік бейнесін көрсеткісі келген көрінеді», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Лаура Байтұрсынова.

Мамандар келтірген дерекке жүгінсек, ыдыстардағы жануарлардың бейнесі әуелі тотемдік идеялармен сабақ­тасып жатқан болуы ықтимал. Жалпы, жәдігерлердегі кей­бір суреттер ерте замандарда белгілі бір аймақтарға та­раған көрінеді. Ал құмырадағы белгі сармат этностық қауым­дастығындағы тайпалардың біріне тиесілі болуы мүмкін.

 

Тараз