Оқиға • 28 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Қанша отбасы өтемақы алды?

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында  Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасы біржолғы ақшалай өтемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны: Қанша отбасы өтемақы алды?

Фото: Коллаж El.kz

Қанат Бозымбаев бүгінде келтірілген шығынның орнын толтыру алгоритміне сәйкес өңірлерде жоспарлы іс-шаралардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Осы жылдың 28 мамырындағы жағдай бойынша республика бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңге) көлемінде біржолғы жәрдемақы алды. Жұмыс бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылдануда. Негізгі мәселе тұрғын үйді қалпына келтірумен байланысты, сондықтан облыс әкімдері бұл мәселені ерекше бақылауға алып, тұрғындармен күнделікті жұмыс жүргізіп, туындаған әрбір мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет», деді ол.

Қазіргі таңда елімізде қарғын судың салдарынан шамамен 12 155 үй, сондай-ақ 18 320-дан астам саяжай зардап шекті, оның ішінде 5 353 ғимарат зардап шеккендердің  жалғыз баспанасы екені белгілі болды.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті