Айбын • 30 Мамыр, 2024

Тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Радиоэлектроника және байланыс әс­кери-инженерлік институтында ­­тыл коман­­дирлері орынбасарларының, ­Құр­­­лық әскерлері, Әуе қорғанысы күш­­­­тері әскери бөлімдерінің, Десант­тық-ша­буылдау әскерлерінің тыл­мен қам­­­та­масыз ету қызметтері мен ­қой­­­­ма­лар бастықтарының қатысуы­мен оқу-әдістемелік сабақтар өтті.

Тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны

Фото: baq.kz

Жиынның мақсаты – әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған бас­қару үдерістерінің тиімділігі тәуелді тыл қыз­мет­керлерінің кәсібилік деңгейін арттыру. 

Жиынды басқарған Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары, полковник Асылхан Таубаев осы сала әскери қызметшілерінің қажетті білім мен дағдыларды меңгеруі маңызды деп атап өтті.

– Әскерді тылдық қамтамасыз ету үдеріс­терінің сапасы әскери қызметшілердің жауынгерлік қабілеттілігі мен моральдық рухына тікелей әсер етеді. Бұл істе қызметтің ерекшелігін терең білу және жүйелі жұмыс істеу маңызды, оған мұндай жиындар ықпал етеді, – деп атап өтті А.Таубаев.

Жиын бағдарламасына дәрістер, көрнекі және нұсқаулық сабақтар, оған қоса рота ша­руа­шылығын жүргізу бойынша прак­тика­лық жаттығулар кірді. Қатысушылар азық-түлікті, техниканы, қызмет мүлкін сақтау, одан басқа сарбаздар мен курсанттарды те­ңгерімді және салауатты тағам мөлшерімен қам­тамасыз ету мәселелерін талқылады. Әс­кери қызметшілердің тұрмыстық ахуалын ұйымдастыруға да жан-жақты тоқталды. Мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, әскери бөлімдерде тұрмыс жағдайын жақсартудың және тамақтануды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.

Жиын барысында алынған білім мен дағды­лар бөлімшелерге жүктелген мін­деттерді орындаудың жалпы тиімділігі мен дайындығын арттыруға ықпал ететін болады.