Білім • 13 Маусым, 2024

ҰБТ-2024: ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығы грант конкурсына қатысу үшін қажетті жоғары оқу орындарының шекті балдары туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБТ-2024: ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

Фото: ашық дереккөз

«Мысалы, «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грантқа Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне түсу үшін кемінде 77 балл жинау керек болса, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-не 110 балл, SDU University-не 120 балл қажет», делінген хабарламада.

Жоғары оқу орындарының толық тізімін және олардың шекті балдарын мына сілтеме арқылы қарауға болады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті