Қазақстан • 19 Маусым, 2024

Меккеде жүрген Қазақстан қажылары аман ба? Мүфтият мәлімдеме жасады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер мен 16 туроператордың әрқайсындағы 1 дәрігер ем-шарамен айналысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меккеде жүрген Қазақстан қажылары аман ба? Мүфтият мәлімдеме жасады

Фото: muftyat.kz

Миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне маусымның 14-16 күндері 703 қажы жүгінген. Олардың қатарында жүрек-қан тамырлары, жоғары және төмен тыныс, асқазан-ішек аурулары, сондай-ақ басқа да (мазоль жарақаты, аллергия, конъюнктивит, т.б.) сырқат бойынша 120 қажы бірнеше рет тексерілген.

«15 маусымда Мұздалифада қан қысымы көтерілген қажыға жедел алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігердің бақылауымен қонақүйге жөнелтілді. 16 маусымда Мина жазығында транзиторлық ишемиялық ұстама бойынша бір қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, стационарға жатқызылды. Жамаратта шайтанға тас лақтырып келе жатқан жолда қанты төмендеп, есінен танып жатқан әйел адамға тез арада көмек көрсетіліп, ол да стационарға жеткізілді», деді А.Айтбайұлы.

Қазіргі уақытта аталған науқастар дәрігерлердің толық бақылауында, жағдайлары бірқалыпты. Одан бөлек, елден жеткізілген дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.

Қазақстан қажылық миссиясы Меккеде отандастарымыз аман екенін хабарлады.