Оқиға • 20 Маусым, 2024

Астана әуежайы көлікті жалға беру қызметін енгізді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әуежайында халықаралық компанияның көлікті жалға беру қызметі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайы көлікті жалға беру қызметін енгізді

Фото: Радмир Фахрутдинов / Liter.kz

Сонымен қатар Астана әуежайы жолаушыларға өз көлігін терминалда қалдырып, бірден тіркеуге немесе отырғызуға кірісуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет – Valet сервисін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні  тиісті микроклимат пен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін елордалық әуежай аумағында брусчаткалар мен жол жиектерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Климаттық бақылау жабдықтары мен терминалдық желдету жүйелеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ намаз оқуға арналған бөлмелер қайта жөндеуден өтті, олар ішкі ұшу терминалында орналасқан. Одан бөлек Астана халықаралық әуежайының екінші қабатындағы стерильді Т2 алаңында жолаушыларға ұшар алдында намаз оқуға мүмкіндік беретін қосымша намазхана бар.

Еске сала кетейік, 13 маусымда елорда әуежайы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жазғы маусымда жұмыс уақытын ұзартатынын хабарлаған еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті