Тағайындау • 10 Шілде, 2024

Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр келді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр келді

Фото: ҚР Үкімет

Ардақ Амангелдиев 1975 жылы дүниеге келген. 

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д.Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды ​​облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастаған.

Ардақ Амангелдиев аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.