Фото: ТЖМ Ресей
«Бүгін Cessna-172 жеңіл моторлы ұшағы Камское Устье ауылының жанындағы лагерь аймағына апатты жағдайда қонды. Ұшақ экскурсиялық рейс жасаған. Бортта төрт адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар да болды. Оқиға салдарынан ұшаққа ауыр техникалық зақым келіп, өртеніп кетті. Бір адам ғана аман қалып, медициналық мекемеге жеткізілді», делінген ресми хабарламада.
Анықталғандай, оқиға орнында Көліктегі тергеу комитетінің тергеушілері мен криминалистері жұмыс істеп жатыр.
Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.