Қоғам • 10 Шілде, 2024

Су саласы мамандарының жалақысы 25%-ға көбейген

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілгені мәлім. Ал 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар мамандардың айлығы 25%-ға ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су саласы мамандарының жалақысы 25%-ға көбейген

Фото: Министрлік, телеграм

«Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Еске салайық, 9 шілде күні су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтіп, кәсіби мерекеде 323 қызметкер мен ардагер марапатталды.