Фото: Видеодан алынған кадр
«Жүргізуші рульді басқара алмай, мопед аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Жолаушы ретінде ерген қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Осы ретте тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.