Фото:wikipedia.org
Ер адамның мәйітін жергілікті балықшылардың бірі тауып, полицияға хабарлаған.
«11 шілдеде Федоровский су қоймасының аумағынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағандылық еріктілер полицейлермен бірге марқұмның туыстарын іздестіріп жатыр. Ер адам зауыт жанындағы су қоймасы аумағынан табылғаны хабарланды.
«Бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден +7 778 872 05 13, + 7 708 352 64 60 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз», деп хабарлады қарағандылық еріктілер.