Оқиға • 19 Шілде, 2024

Таразда полицейлер құны 1 миллион теңгені құрайтын вейптерді тәркіледі

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда «Қарасора» жедел-алдын алу шарасы аясында  темекі өнімдерін сататын жерасты дүкен анықтаған. Тінту кезінде құны 1 миллион теңгеден асатын 113 электронды вейп тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда полицейлер құны 1 миллион теңгені құрайтын вейптерді тәркіледі

Фото: Polisia.kz

45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Полицейлер осы жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын еске салды.  Оларды өндіру, әкелу, сату және тарату қазіргі таңда  қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

«Бұрын осындай өнімдерді сатқан кәсіпкерлерді тауарды жою бойынша іс-шаралар жүргізуге және өз бизнесін қайта бағдарлауға шақырамыз», деп бизнес-қоғамдастыққа өтініш білдірді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Айта кетейік, мұндай тыйым салынған өнімдерді сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.