Оқиға • 26 Шілде, 2024

Велосипед тізгіндеген зейнеткер Парижге аман-есен жетті

849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының тұрғыны Рәббім Борашев 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спортшыларымызды қолдау үшін Франция астанасына велосипедпен барған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Велосипед тізгіндеген зейнеткер Парижге аман-есен жетті

Фото: Видеодан алынған кадр

5 мыңнан астам шақырымды артта қалдырған Рәббім Борашевты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев күтіп алған.

«Олимпиадаға бару – армандарымның бірі еді. Жас күнімде арманымды жүзеге асыруға мүмкіндігім болмады, алайда биыл соның сәті түсіп тұр екен. Жаңбырға төтеп беру, шекарадан және қала арқылы өтуге уақыт пен шыдам қажет, бірақ мен өз дегеніме жеттім», деді Рәббім Борашев.

Осыншама шақырымды велосипедпен жүріп өткен Рәббім Борашев отандастарына қолдау көрсеткісі келген.

Айта кетейік, велосаяхатшы-зейнеткер бұрын құрылыс саласында жұмыс істеген. Соңғы жылдары велоспортпен тұрақты айналысып, бірнеше рет жарыстарға да қатысып үлгерген.