Оқиға • 12 Тамыз, 2024

Қазақстан азаматы неміс полициясынан көмек сұрап, темір торға қамалды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

53 жастағы Қазақстан азаматы өзінің айыппұлдарының бар-жоғын тексеру үшін Лейпцигтің орталық вокзалындағы полиция учаскесіне кірген. Алайда оны түрмеге жапқан, деп хабарлайды Egemen.kz 

Қазақстан азаматы неміс полициясынан көмек сұрап, темір торға қамалды

Фото: @BILD_Russian

BILD басылымының хабарлауынша, ер адам Германияда бұрыннан бері тұрады. 

«Полиция учаскесіне келгеніне қарағанда ол заң бұзбағанына сенімді болған сияқты», деді полиция өкілі Йенс Дамрау.

Масаң күйде және құжатсыз көлік жүргізгені үшін ер адамды қамауға алу туралы екі санкция бар екені белгілі болған. Үкімді Хемниц және Торғау соттары шығарған.

Екі заң бұзушылық үшін ол жалпы сомасы 5200 еуро айыппұл төлемеген. Алайда қазақ азаматында мұндай ақша болмағаннан кейін, ол қамауға алынған.  Енді ол 130 тәулік түрмеде отырады.