19 Маусым, 2010

ТАЛАЙ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕТІНІ АНЫҚ

575 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Денсаулық сақ­тау саласын да­мы­тудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарла­маның жоба­сы бүгінгі күні қо­ғам­­дық сарапта­ма­дан өтуде десем, өт­­­кен мамыр айын­да “Ұлттық ме­ди­циналық қоғам­дастық” рес­пуб­ли­калық қоғам­дық бірлесті­гінің бас ассамблеясы өтті. “Денсау­лық құқы­ғы” тақырыбы бо­йынша онда бағдарламаның жобасы кеңінен талқыланды. Осы жобаның алдыңғы жоба­лар­дан айырмашылығы – жобаны іске асыру үшін алғаш рет мемле­кет­тік емес ұйымдарды, кәсіби медицина­лық қауымдастықты кеңі­нен тарту жоспарланған. Енді әріптестік тиімді болу үшін әлеу­меттік тапсырыс шеңберінде осы жобаны о­рындауға бюджеттен қар­жы­ландыруды ойлас­тыру керек. Қоғамдық бірлестіктердің кадр­лық және интеллектуалдық әлеуе­тін пайдаланудың сауатты тетік­терін әзірлеу медициналық қауым­дастыққа бұрын министрлік атқар­ған қызметтің бір бөлігін беру ғана емес, аз уақыт ішінде пози­тив­ті нәтижелер алуға мүм­кін­дік бере­ді. Шынында да дамы­ған елдердегі ұлт­тық медициналық қауымдас­тық­тар мемлекеттің денсаулық сақтау саясатын қалып­тастыруда сенімді серіктестер болып табылады. Қоғамдық сараптау барысында бағдарлама жобасының профилак­ти­калық бағыты, халыққа сапалы медициналық көмекті жақын­датуға ұмтылыс мақұлданды. Аса назар аударатын нәрсе – ауылға, мектеп­ке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған профилактика­лық медицинаны, жоғары деңгейде жұмыс істейтін медициналық пункттерді құру мәселесі. Кадр саясаты мәселесіне де үлкен көңіл бөлініп отыр, себебі медицина кадрларының жетіспеу­ші­лігі медици­налық көмек көр­сету­дің сапасына кері әсер етеді. Меди­ци­налық білімі жоқ маман­дар (волон­терлер, параме­диктер, әлеу­меттік қызметкерлер, меди­циналық білімі жоқ зертхана­шы­лар, психо­логтар, реабилитолог­тар, ақпарат­тық техно­логиялар бойынша және т.б. ма­мандар) жұмыс істей алатын сала­дан меди­циналық кадрларды босату жөнін­де ұсыныл­ған меха­низм мақұл­данды. Қазіргі уақытта білім беру, ден­саулық сақтау ұйымдарын аккре­дит­теу басталды. Бағдарла­маның жоба­сында кәсіптік меди­ци­на қауым­дастықтарына аккре­дит­теу, аттестат­тау, сертификат­тау, меди­циналық жоғары оқу орын­дарында емтихан комиссия­ларына қатысу, медицина­лық көмек сапасына тәуелсіз сарап­тама жүргізу сияқты кейбір функ­цияларды тапсыру көзделген. Сондай-ақ жобада қазіргі заман­ғы технологияларды енгізу туралы айтылады, бұл ірің және грибок ауруларының алдын алуға бағыттал­ған ғылым саласындағы жетістіктер ретінде бактерияға қар­сы шыныны енгізу проблема­сын алға шығарды. Әрі медицина­лық жабдықты жөндеу және жинау бойынша медицинада кеңінен қол­да­нылатын электрон­ды техниканы терең білетін маман­дарды даяр­лаудың пробле­масын өзекті етіп отыр. Бағдарлама әр түрлі министр­ліктер мен ведомстволардың өкіл­дерін стратегиялық міндет­терді іске асыру үдерісіне кеңінен тартуды көздейді. Бұл бастама медицина қызметкерлерінен кең қолдау тапты, себебі бүгін меди­цина пациенттерді емдеудің кәдім­гі түсінігінен тыс шықты. Кибер­нетика, механика, гендік инжене­рия, квантты физика, пси-энер­гия­­ны, биотехнологияны зерделеу және қолдану, биотех­нологиялар ғасырында жетістік­тер­ді жедел және тиімді енгізу, сондай-ақ жа­ңа ғылыми-зерттеу институт­тарын құру үшін ғалым­дар мен практик­тердің салааралық өзара іс-әре­кетіне мембағдарла­маның ұсын­ған жобасын бағыттау керек. Апат медицинасы қызметін жетіл­діру жөніндегі бөлім денсау­лық сақтау саласы қызметкер­лерінің ерек­ше қызығушылығын тудырды. Меншік түріне қарамас­тан, меди­цина мекемелерінің ұлт­тық тір­келі­мін, сондай-ақ кадр­лардың ұлт­тық тіркелімін құру бірқатар мәсе­лелерді шешуге (со­ның ішінде меди­циналық күштер мен құралдар­дың есебімен тез әрекет етудің электронды карта­сын әзірлеуге) мүмкіндік береді. Жобада адамның психикалық денсаулығы және жалпы қоғам­ның денсаулығына ал­ғаш рет үлкен кө­ңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ ме­дицина қыз­мет­керін әлеумет­тік қорғау проб­ле­­масы да көп көңілінен шық­қаны анық. Айжан САДЫҚОВА,Ұлттық медицина қауымдастығының президенті.