Оқиға • 15 Тамыз, 2024

Қостанайда шаруа қожалығының басшысы жалған шот-фактуралар жазып берген

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында миллиард теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда шаруа қожалығының басшысы жалған шот-фактуралар жазып берген

Фото:Halyq Uni

«2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн-нан астам теңге салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.