Мәдениет • 04 Қыркүйек, 2024

Ұлттық құндылықты ардақтайтын бірегей жоба

75 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық құндылықтар – қай орынға да көрік берер теңдессіз байлық. Елдің даралығын айшықтар нақышты өрнектер бүгінде түрлі бейнелер арқылы әр тұстан көрініс тауып­ келеді. Ұлан-ғайыр жеріміздің құнын арттырар іргелі қазыналарымыз шетелдіктерді де тамсандырып отыр.

Ұлттық құндылықты ардақтайтын бірегей жоба

Жақында «Нұрлы жол» темір­жол вокзал кешенінде «Қазақ­стан­ның ұлттық қазынасы» әлеумет­тік-мәдени жобасының тұсау­ке­сері өтті. Іс-шараға Көлік вице-ми­нистрі Мақсат Қалиақпаров, Мәдениет және ақпарат вице-ми­нистрі Қанат Ысқақов, «ҚТЖ «ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдаберге­нов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Ұлттық спорт түрлерінің президенті Исламбек Салжанов, V Дүниежүзілік көш­пе­лілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция бас­шысының орынбасары Абы­лай Қондыбаев, басқа да қонақтар қатысты.

Тағылымға толы бірегей жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Ма­гис­тралдық желі дирекциясы» бас­тамасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық музейі, «Нұрлы жол» вокзал кешенінің «TCS Engineering» ЖШС бас­қару­шы компаниясы және «MYD Production» ЖШС жарнама опера­торы­ның қатысуымен іске асыры­лып отыр. Жобаның ғылыми тұ­жырымдамасы мен дизайнерлік ше­шімін Ұлттық музей ұжы­мы әзірлеген.

– Осы үлкен жобаны ұйым­дас­­­тырушыларға алғыс білді­ре­мін. Бұл жай ғана жоба емес, Ұлт­тық музейі мен «Нұрлы жол» теміржол вокзал кеше­нінің біре­гей еңбегі. Биыл Ұлт­тық музейге 10 жыл толады, осы уақыт ара­лы­ғында музей 5 мил­лионға жуық аза­матқа қызмет көр­сеткен. Ме­нің ойымша, бүгінгі шараның ­аясымен шектел­мей, әрі қарай тынбай жұмыс жасауымыз қажет, – деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов. 

Қазіргі таңда Ұлттық музей­дің қор коллекцияларынан та­рихи-мәдени мұра үлгілеріне кәсіби түрде визуализация жасалып, «Нұрлы жол» кешені­нің күту залдары 40 ақпарат­тық модульмен безендіріліп отыр. Ақпараттық модульдер серия­­сы 3 тілде ұсынылған, олар: «Ұлы Жібек жолы», «Ұлық ұлыс», «Қазақ хандығы», «Қазақ­тар­дың рухани әлемі», «Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің дана­лы­ғы», «Қазақстан табиғаты», «Қа­зақ­ тағамдарының философия­сы» секілді іргелі тақырыптық бөлім­дерден тұрады.

«Қазақ халқы салт-дәс­түр­лерінің даналығы» бөліміндегі суреттерде ұлтымыздың көкпар, алтыба­қан секілді ойындары бейнелен­ген. Сонымен қатар домбыра, қобыз сынды ұлттық аспаптарымыз­дың айшықты суреті көрерменге ерек­ше сезім сыйлайтыны даусыз. Қылқалам шеберлерінің еңбегінен туған пәуеске жеккен ат, оқалы шапан жамылып, тазы ерткен аңшы бей­несі көркем кестеленген. Бітімі бөлек өнер туындылары шетелдік туристер мен қала қонақтарының ел мәдениетіне қызығушылығын тудырары анық.

– Мұндай көрменің ашылуы үлкен маңызды шара деп ойлаймын. Алла бұйыртса, енді 9 күннен кейін елордамызда V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Оған 90 мемлекет­тен 2000 спортшы, мыңдаған шете­лдік туристердің келуі жоспарла­­нып отыр. Қазақстанның мәде­­ние­ті, ­та­ри­хы өте мол, бұл – ата-баба­­­­мыз­дан қалған асыл мұрамыз. ­­Мұны әрі қарай дамытуға үлес қо­сып жатыр­мыз, осы жолда қыз­мет ете де бе­реміз, – деді Ұлт­тық спорт түр­лері қауымдас­тығы­ның президенті Исламбек Салжанов.

«Қазақстанның халық қазы­насы» жобасы отандық темір­­жол­дың – 120, Ұлттық музейдің 10 жыл­дықтары, сондай-ақ Консти­­ту­ция күніне, Астанада Дү­ние­жүзілік көшпелілер ойын­­да­рын өткізуге орайластырылды. Ұйым­дастырушылардың бұл экс­по­­зи­ция елорда жолаушы­лары мен қонақтарының наза­рын ауда­рып, қазақ мәдениетімен ­жа­қын та­нысуға мүмкіндік береріне се­німі мол. Күту залдарында отан­дық суретшілер туынды­ла­рының үзінділерімен, музей экс­­понаттарының суреттері ар­қы­лы маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, қазақ халқының мате­риалдық және рухани әлемі­мен жақын танысуға болады.