
Фото: ҰҚК
ҰҚК есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.
«Шамамен 4 кг «мефедрон» психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді», делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.