Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2024

Маңғыстауда білім бөлімінің қызметкері біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат берген

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасы 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда білім бөлімінің қызметкері біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат берген

Фото: ©El.kz

Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық білім бөлімімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтаған.

«Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда», делінген хабарламада.