Фото: Видеодан алынған кадр
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоймадағы өрт 8 қыркүйекте, шамамен сағат 17:20-да басталған. Қызыл жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Оқиға орнына Алматы облысының жедел әрекет ету күштері жұмылдырылды. Көкөніс өнімдері сақталған қойма толығымен өртеніп кеткені анықталды. Жалын 18:59-да оқшауланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.