Сурет: inbusiness.kz
Осы ретте Қызылорда облысының полиция департаментінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің сапалы орындалуы мен елімізде заң үстемдігі мен әділдікті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі атқарылып жатқанын айта кеткен жөн.
Бүгінде өңірде жағдай тұрақты. Қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлер ауласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілгені көзге көрініп тұр. Осының нәтижесінде биылғы 8 айдың қорытындысымен құқық бұзушылық 6%-ға, оның ішінде қылмыс 11%-ға, ауыр санаттағы қылмыс түрлері 12 пайызға төмендеді. 10 мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі 5,8% азайды.
Осындай жүйелі жұмыстар арқылы Сыр өңірі республика бойынша қауіпсіз аймақтар көшін бастап тұр. Қылмыстарды болдырмау бағытында жыл басынан «Есептегі адам», «Тұрмыс», «Есептегі элемент», «Квадрат», «Көрші бақылауы», «Учаске», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Аула ішінде қабылдау» акциясы өткізілді.
«2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасы негізінде бірқатар тиісті профилактикалық шара ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының тіркелуі 27%-ға азайып, ауыр түрлерінің ашылуы 18,8%-ға жақсаруына қол жеткізілді. Полицейлердің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен қылмысқа бейім тұлғаларды қалыпты өмірге қайта бейімдеу бастамасы да жеміссіз емес. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болған 201 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 93-і түрлі кәсіптік оқу курстарына қабылданды.
«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын іске асыру бағытында кешенді жоспарларды орындауға кірістік. Президенттің елімізді қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру ұстанымы жауапкершілікті үстей түседі. Өңіріміздегі қылмыс санының азайғаны қызметкерлеріміздің елдік мүдде жолында аянбай еңбек етуінің нәтижесі деп білеміз. Біздің қатарымызда қызметінің қыр-сырын жетік меңгеріп, адамдық болмысымен еңбек етіп жүрген кәсіби, батыл мамандар аз емес», дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.
Қызылорда