Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Грант иелене алмай қалған түлектер министрліктің үстінен арыз жазған

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл талапкерлерден 22 шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грант иелене алмай қалған түлектер министрліктің үстінен арыз жазған

Фото: kz.kursiv.media

«Ғылым және жоғары білім министрлігіне барлығы 22 талап арыз түсті. Екі апта бұрын бірінші талап арызданушының мемлекеттік грант алуына байланысты қайтарып алынған. Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, талапкерлердің басты шағымы – қалаған ЖОО-дан емес, басқа университеттен грант иелену.

Еске сала кетейік, биыл су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге квота бөлінгендіктен ҰБТ-дан жоғары бал жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер өздерінің наразылықтарын білдіріп, арызданған еді.