Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Адам толы автобуста үш ер адам бір сәтте жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған. Кейіннен олар басқа жолаушыларға да қол көтерген көрінеді. Ал автобус жүргізушісі төбелесті тоқтату мақсатында салонның ішіне кірген.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнетаспаға түсірілген оқиға бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Жанжалға қатысушылардың жеке басы мен алдын ала мән-жайы анықталып, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі», деді департамент өкілдері.